Салық режимдері бойынша өзгерістер.

  • 02.06.2026
  • |
  • 0
  • |
  • 16
  • |
  • 0

Дата письма 02.06.2026

Салық режимдері бойынша өзгерістер.

 

1. Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ 

Жаңа Салық кодексі енгізілген өзгерістерге байланысты бірқатар арнаулы салық режимдері,  қолданыстағы Жеңілдетілген декларация шеңберінде шағын бизнеске арналған салықтық режимдер туралы.

2026 жылғы 1 қаңтарынан  бастап мынадай салық режимдері қолданыста болады:

· Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдану шарттары:

Жеке тұлға;

Жалдамалы қызметкерлердің болмауы;

Шекті шарттар 300 Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) яғни айына 1297000 теңгеден аспауы тиіс;

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті болмауы;

4% салық мөлшерлемесі олар, Міндетті зейнетақы жарнасы 1%, Жұмыс берушіден міндетті зейнетақы жарнасы 1%, Әлеуметтік аударымдар 1%,  Міндетті әлеуметтік сақтандыру жарнасы 1% (Жеке табыс салығы түріндегі салық алынып тасталады).

Компаниялар сізбен жұмыс істеуге мүдделі, себебі олар сіздің қызметіңізге жұмсалған  шығындарды салықтық шегерімдеріне жатқызуға болады.

· Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану шарттары:

ЖК (Жеке кәсіпкер), ЖШС (жауапкеркешілігі  шектеулі серіктестіктер);

Жалдамалы қызметкерлері шектеусіз;

Шекті шарттар  600 000 Айлық есептік көрсеткіш жылына (2,4 млрд, тенге), егер жылына кіріс 100 млн.теңгеден асса, еңбекақы төлеу қоры салық салынатын кірістен алынып тасталады;

Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнаулы салық режимі үшін Салық кодексінде мәслихаттар бұл мөлшерлемені 50%-ға дейін көтеру немесе азайту құқығымен 4% мөлшеріндегі бірыңғай ставканы қарастырады.

· Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі:

ШҚ (Шаруа қожалығы);

Кірістен 0,5;

Cалық жеңілдіктері сақталады, тек ЖТС түріндегі салық салынады.БЖС алынып тасталады;

· Жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібі:

Бұл салық салу тәртібін барлық салық төлеушілер қолдана алады, өйткені оны қолданудың шарттары мен шектеулері жоқ. 

 

Мынадай арнаулы салық режимдері жойылды:

 • бөлшек сауда салығы бойынша арнаулы салық режимі;

 • патент негізіндегі арнаулы салық режимі;

 • мобильді қосымшаның көмегімен;

 • тіркелген шегерімді пайдаланатын;

 

Автор: Салық төлеушілермен Жұмыс бөлімінің басшысы Р.Кошикбаева

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!