Налог на транспорт

Налог на транспорт

Коррупция
madina
Madina Madina
Коррупция
от 22.06.2024 16:09
madina
Madina Madina
Сыбайлас жемқорлықпен күрес.
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың, лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа байланысты (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық), Қазақстан Республикасы 2015 жылдан бастап «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында ескерілген, сонымен қатар басқа да заңда бекітілген сыбайлас жемқорлық немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті еліктіретін іс-әрекетке байланысты тәртіптер.
Жемқорлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік пен жазалау, әкімшілік жауапқа тарту және шара қолдану Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес қарастырылады.
Жемқорлық құқық бұзуды әшкерелеу, бұлтартпау, ескерту және оны жасаған тұлғалардың өз құзыры аясында жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметтері, қаржы және әскери полициясы арқылы жүзеге асыралады.
Жемқорлық құқық бұзушылықты хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлықпен күреске ат салысқан тұлға мемлекет қорғауында болады. Жемқорлықпен күреске көмек берген тұлға туралы ақпарат мемлекеттік болып -абылады. Бұл ақпаратты жариялаған тұлға Қазақстан Республикасының «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңымен бекітілген жауапкершілікке тартылады.
Қажет болған жағдайда, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдар жемқорлыққа қарсы күреске ат салысқан тұлғаның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы
от 31.10.2017 01:52
madina
Madina Madina
Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының сыбайлас жемқорлықпен күресу стратегиясын жүзеге асыру мақсатында қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың орын алмауына жол бермеу негізінде шаралар іске асырылады


Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың, сондай-ақ салық қызметі органдары үшін негізгі басым бағыттардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде салық қызметі органдарының имиджіне кері әсер етіп қана қоймай,сонымен бірге еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен экономикалық дамуына үлкен қауіп төндіреді.
Салық органдарындағы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу мақсатында заңды және жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің ақпараттарын қабылдау және өңдеу қызметтерін ұйымдастыру арқылы салық төлеушілерге қызмет көрсететін арнайы ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтары құрылған. Бұл орталықтардың құрылуы негізінде салық төлеушілерге айқын, нақты, тиімді қызмет көрсетуде, сонымен бірге сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын алуда жоғары мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады.
Салық органдары басқа мемлекеттік органдардың арасында алдыңғы қатардағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін жасаған органдардың бірі болып табылады және оның құрамына 16-салықтық қызмет көрсету түрлері кіреді. Атап айтсақ: Қазақстан Ресбуликасы салық төлеушілерін тіркеу, салық заңнамасын түсіндіру,салықтық берешегінің болмауы туралы анықтама беру және тағы да басқа қызмет түрлері.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша салық басқармасының бірінші қабатында «бір терезе» қағидасы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсететін операциялық зал орналасқан және онда келесідей салықтық қызмет түрлері көрсетіледі:
• Заңды және жеке тұлғалардың, сонымен қатар жеке кәсіпкерлердің ақпараттарын қабылдау және өңдеу;
• Мемлекеттік тіркеу, салық төлеушілерді қайта тіркеу, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою және тіркеу есебінен шығару;
• Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу есебіне тұру;
• Орталық қызметкерлерінің аты-жөні, тегі, лауазымы көрсетілген терезелер арқылы жер салығы, мүлік салығы және көлік құралдарына салынатын салықтарды төлеу сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау;
Сонымен қатар заңды, жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің төленуіне жататын салықтардың есептелуімен байланысты және салық салынатын объектілер туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық стенділер орнатылған.
Басқармамызда сыбайлас жемқорлықпен күресуге ерекше назар аударылып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алумен байланысты іс-шаралар жүзеге асырылады және салық қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында үнемі жұмыстар жүргізіліп отырады. Қызметкерлердің рухани бейнесін көтеру үшін жұмыстар, яғни мамандар арасында сұхбат жүргізу, сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқықбұзушылықтарының орын алуымен байланысты сыбайлас жемқорлық мәлімдемелері бойынша видеоматериалдарды салық қызметкерлеріне көрсету негізінде жұмыстар іске асырылады.
Өндірістік мәжілістерде салық төлеушілерден келіп түскен шағымдар, сыбайлас жемқорлықпен байланысты түсіндірме хаттары арнайы қаралады. Салық басқармасында салық қызметкерлерінің еңбектік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындауын бақылау мақсатында басқарма ғимаратында ұсыныстарға, шағымдарға арналған кітаптар мен жәшіктер орнатылған. Қабырғаларда салық төлеушілерге салық органы қызметкерлерінің көрсеткен қызметтеріне келіспейтіндігі туралы хабарламаларын жіберуге мүмкіндік беретін электронды мекен-жайлар көрсетілген. Салық басқармасында салық қызметкерлері арасында әдептілік, ізгіниеттілік, салық төлеушіге нақты және толық ақпарат беру қағидалары негізінде салық төлеушілердің қажеттілігін қанағаттандыру бойынша үнемі жұмыстар жүргізіледі.
Салық басқармасындағы ең маңызды міндеттердің бірі барлық әкімшілендіру үрдістерінің айқындылығын қамтамасыз ету және оңайлату болып табылады. Біздің басқармамызда салық төлеушілердің салық есептіліктерін электронды түрде тапсыруына болатын 2-салық төлеушілер терминалы жұмыс істейді. Бұл терминалдардың болуы салық төлеушінің уақытын үнемдеуіне және салық инспекторымен тікелей қарым-қатынасының шектелуіне мүмкіндік береді. Және де үнемі мемлекеттік қызметтердің тапсырылу мерзімі қатал түрде қадағаланып отырады.
Сондықтанда мемлекет үшін үлкен қауіп төндіретін сыбайлас жемқорлықпен күресу және аталған құбылыстың орын алмауына жол бермеу мақсатында салық төлеушілер жағынан үлкен қолдау мен түсіністіктің қажет екендігін айтып өткен жөн.
Құрметті салық төлеушілер! Жоғарыда айтылған мәселелер негізінде салық органдарында сыбайлас жемқорлықпен байланысты жағдайлардың туындауы орын алса, салық басқармаларының қабырғаларында көрсетілген сенім телефондары мен электронды мекен-жайларға жедел түрде хабарлауларыңызды сұраймыз және бұл сіздің мемлекетіміздің дамуына және сыбайлас жемқорлықпен күресуге қосқан үлесіңіз екендігін ұмытпағаныңыз жөн.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы
от 31.10.2017 01:54
sashas
Асаналиев Арман
http://ank.kz/forum/transport/korrupcziya
от 21.11.2017 06:24
sashas
Асаналиев Арман
http://vsecredity.kz/micrizaem
от 21.11.2017 06:24
madina
Madina Madina
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС.

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесі, Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, Қазақстан Респбуликасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі негізгі нормативтік құқықтық актілері болып табылады.
Осы аталған саладағы қабылданған Заңнамалардың басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп қатерден республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, осыған байланысты құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді тиісті жауапқа тартумен қатар, демократиялық негіздерді, мемлекеттік басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімдерін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталғаны жөнінде атап өту қажет.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кез-келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Барлық елдерде оның трансұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқада шаралар қолданылуда.
Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған мезеттен бастап бұл аса ауыр қылмыстарға қатысты қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты. Еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заңын қабылдады. Кейіннен бұл саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру барысында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияларын және басқада жалпы жұртта ныған халықаралық актілерді ратификациялап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік қоғамдастықтың тең мүшесіне айналды.
Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады, сондықтан, мемлекеттік қызметкерлердің қатарын мемлекеттің мүддесін жоғары дәрежеде қорғай білетін кадрлармен толықтыруды, кездойсоқ адамдардың мемлекеттік қызметке кіріп кетпеуін қамтамасыз ететін қосымша жан-жақты шараларды күшейту қажеттілігі артып келеді.



Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы
от 31.01.2018 04:32
madina
Madina Madina
Понятие слова коррупция.

Историко-правовые исследования неопровержимо доказывают, что коррупция в обществе существовала всегда. Этимологически термин «коррупция» происходит от латинского слова corruptio, (порча, подкуп). Эти два слова определяют понимание коррупции. Приставка «cor» как бы «приглашала» совместно нарушать закон, договор, с самого начала определив, что коррупция — преступление, имеющее соучастников, т. е. коррупция имеет свой обязательный отличительный признак — наличие лица подкупающего (коррумпатор) и лица подкупаемого (коррупционер ), а в необходимых случаях и связующего их звена, которым является корруптёр.
Сегодня во всем мире приобрело широкое распространение такое понятия, как коррупция. Ярким примером того что данная проблема мирового масштаба является принятие Конвенции совета Европы «об уголовной ответственности за Коррупцию принятой 27 января 1999 года.
В нашей республике существует закон Республики Казахстан от 2 июля 1998 года «о борьбе с коррупции», так же существуют различные программы по борьбе с коррупцией в частности Отраслевая Программа по противодействию коррупции на 2011-2015 годы, утвержденной постановлением Правительства от 31 марта 2011 года. Так же в уголовном кодексе Республике Казахстан от 16.06 1997 года предусмотрена целая глава коррупционным и иным должностным притуплениям.
Закон Республики Казахстан "О борьбе с коррупцией" дает следующее определение коррупции - это "…не предусмотренное законом принятие лично или через посредников имущественных благ и преимуществ лицами, выполняющими государственные функции, а также лицами, приравненными к ним, с использованием своих должностных полномочий и связанных с ними возможностей либо иное использование ими своих полномочий для получения имущественной выгоды, а равно подкуп данных лиц путем противоправного предоставления им физическими и юридическими лицами указанных благ и преимуществ".


Управление государственных доходов
по Турксибскому району города Алматы
от 30.07.2018 04:07
Авторизуйтесь для ответа в теме

Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!